Ұйымның сипаттамасы
«QazSpirits» алкоголь және құрамында никотині бар өнімдерді өндірушілер мен импорттаушылар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі — бұл сала қатысушылары, мемлекет және жалпы қоғам арасында өркениетті диалогты дамытуға мүдделі нарық қатысушыларының ерікті негіздегі коммерциялық емес бірлестігі.
Қауымдастық 2018 жылы құрылған. Бүгінгі таңда Қауымдастық құрамында алкоголь және құрамында никотині бар өнімдерді өндірушілер мен импорттаушылардың 16 компаниясы бар. QazSpirits Қазақстандағы салалардың дамуына ықпал етеді: бизнес пен мемлекет, қоғам арасындағы байланыс арнасын қалыптастырады, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында бизнестің мүдделерін білдіреді, әлемдік үздік тәжірибелерді жинақтайды және нарық өкілдерін өздеріне қатысты заңдар, нормативтер мен қоғамдық саясатты қалыптастыру процесіне тартады.
Негізгі бағыттар
Қауымдастықтың мақсаттары мен міндеттері
Бизнестің, реттеуші органдардың, заң шығарушылардың және жалпы қоғамның ашық қарым-қатынасын қалыптастыруға ықпал ету.
Қауымдастық ұсынатын салалардың мақсаттары мен міндеттерін айқындау және оларды нақты жоспарларға, заңнамалық бастамаларға, талқылаулар мен шешімдерге айналдыру.
Реттеу жүйесін жетілдіру
Тұтынушы мен қоғам үшін барынша пайда әкелуді көздей отырып, тұтынудан болатын әлеуметтік және физиологиялық зиянды барынша азайту мақсатында күшті алкоголь және құрамында никотині бар өнімдер нарығын реттеу жүйесін жетілдіру.
Стандарттарды қалыптастыру
Стандарттар мен нарықтың нормативтік-құқықтық базасын қалыптастыруға қатысу, нарық қатысушылары үшін қолайлы қаржы-экономикалық жағдайлар жасауға жәрдемдесу.
Мемлекетпен жұмыс
Қауымдастық қатысушыларының салаларына қатысты мемлекетаралық реттеушілік процестерге қатысу.
Бастамаларды әзірлеу
Тиісті мемлекеттік органдарға заңнамалық және реттеушілік бастамалармен шығу.
Объективті және сапалы ақпарат
Шешім қабылдайтын тұлғаларға, нарық белсенділеріне, тұтынушыларға және мүдделі тараптарға объективті әрі сапалы ақпарат жеткізу.
БАҚ-пен жұмыс
Нарықтың барлық қатысушылары арасында бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде өзекті әрі мақсатты күн тәртібін қалыптастыру, сондай-ақ салалардың маңызды мәселелерін БАҚ-та жариялау.
Жауапты тұтыну
Қазақстан халқы арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қауымдастық қатысушыларының корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы күш-жігерін біріктіру.
Қауымдастық мүшелері мен серіктестері






Байланыс ақпараты
Бізбен өзіңізге ыңғайлы тәсілмен байланысыңыз
Бізге жазыңыз
Форманы толтырыңыз, біз сіз таңдаған өтініш тақырыбы бойынша сізбен байланысамыз