Заңды нарықты қорғау, адал бәсекелестікті қамтамасыз ету, сондай-ақ тұтынушылардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін күмәнді шығу тегі бар өнімдердің таралуына жол бермеу мақсатында Қауымдастықтың меншікті қауіпсіздік қызметі тұрақты негізде елдің әртүрлі өңірлеріндегі сауда нүктелеріне мониторинг жүргізеді, өнім жеткізу арналарына талдау жасайды, сондай-ақ тиісті құжаттарсыз, акциздік маркаларсыз немесе контрафактілік белгілері бар алкоголь өнімдерін өткізу фактілерін анықтайды.
Тиісті ақпарат қолданыстағы заңнама шеңберінде ден қою шараларын қабылдау үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жолданады.
Анықтама үшін:
Мәселен, Қауымдастықтың, оның ішінде қауіпсіздік қызметінің күшімен жыл сайын жүйелі негізде еліміздің барлық өңірлерінде заңсыз акцизделетін өнімдердің айналымын анықтауға және жолын кесуге бағытталған іс-шаралар өткізіледі. Бұл жұмыс нарыққа мониторинг жүргізуді, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды, сондай-ақ жедел және профилактикалық іс-шараларды қамтиды, бұл көлеңкелі айналым деңгейін тиімді төмендетуге және нарықтың адал қатысушыларын қорғауға мүмкіндік береді.
Қауымдастық қызметкерлерінің күш-жігерінің нәтижесінде заңсыз акцизделетін өнім өндіру фактілері бойынша 78 қылмыстық іс қозғалды. Анықталған өнім көлемі 516 мың литр спиртті, сондай-ақ 453,5 мың бөтелке өзге алкоголь өнімдерін құрады.
Бұдан бөлек, 90 мыңға жуық заңсыз есепке алу-бақылау маркалары (ЕБМ) анықталды.