«QazSpirits» алкоголь және құрамында никотин бар өнімдерді өндірушілер мен импорттаушылар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі — сала қатысушылары, мемлекет және жалпы қоғам арасындағы өркениетті диалогты дамытуға мүдделі нарық қатысушыларының ерікті негіздегі коммерциялық емес бірлестігі.
Қауымдастық 2018 жылы құрылған. Қазіргі таңда Қауымдастық құрамына алкоголь және құрамында никотин бар өнімдерді өндіретін және импорттайтын 16 компания кіреді.
QazSpirits Қазақстандағы алкоголь және құрамында никотин бар өнімдер салаларының дамуына ықпал етеді: бизнес, мемлекет және қоғам арасындағы байланыс арнасын қалыптастырады, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекенде» бизнестің мүдделерін білдіреді, үздік әлемдік тәжірибелерді, ғылыми және әлеуметтік жетістіктерді жинақтап, таратады, сондай-ақ бизнес өкілдерін өздеріне қатысты заңдарды, нормативтерді және қоғамдық саясатты қалыптастыру үдерісіне тартады.