Иллюстрация к новости
01.04.2022 Сала жаңалықтары

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУРРОГАТТЫ АЛКОГОЛЬ ӨНДІРЕТІН 2 ЦЕХ АНЫҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметінің хабарлауынша, Түркістан облысында жалған есепке алу-бақылау маркаларын (ЕБМ) пайдалана отырып, контрафактілі алкоголь өнімдерін өндіретін жасырын цехтар анықталды.

«Түркістан облысында жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде жалған алкоголь өнімдерін өндірумен және өткізумен айналысқан екі цехтың қызметі тоқтатылды. Суррогат алкоголь өнімдерінің басым бөлігі жасырын цехтарда қолдан жасалып, көбінесе санитарлық талаптарға сай келмейтін жағдайда өндіріледі. Мұндай өнімдер халықтың өмірі мен денсаулығына аса қауіпті», – делінген хабарламада.

Барлығы 3 мыңнан астам бөтелке, 3,5 мыңнан астам есепке алу-бақылау маркасы, бір тоннадан астам спирт, танымал арақ брендтерінің жапсырмалары мен қаптама материалдары тәркіленді.

Анықталған алкоголь өнімдері белгілі брендтердің атынан қолдан жасалғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Дереккөз: ҚазТАГ – Алёна Субботина

kaztag.kz