Иллюстрация к новости
18.10.2025 Сала жаңалықтары

Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі №553 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2025 жылғы 1 қазанда №37015 болып тіркелген, 2025 жылғы 18 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі №498 «Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімдерін өндірудің технологиялық желілерін бақылау-есепке алу аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс істеуі және есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы, құйма шарапты (шарап материалын), сондай-ақ өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра қайнату өнімдерін өндіруді қоспағанда» бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) өзгерістер енгізілді.

Енгізілген өзгерістер алкоголь өнімдерін өндіретін кәсіпорындарға өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден асатын төмен алкогольді сусындарды өндіру желілерінде қосымша өлшеу құралдарын – этил спиртінің концентрациясын анықтауға арналған алколайзер-тығыздық өлшегіштерді немесе спирттік рефрактометрлерді орнату шартымен алкогольсіз өнім өндіруге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, аталған түзету уәкілетті мемлекеттік органдарға тиімді бақылау мен мониторингті жүзеге асыру мүмкіндігін де береді.